Әлемдік тенденциялар жағдайындағы қазақстандық фармацевтикалық нарық


Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 198

Авторлар

  • Н.А. Алиева
  • А.С. Манап
  • M.M. Исабаев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-21-35

Кілт сөздер:

әлемдік фармацевтикалық индустрия, Қазақстанның фармацевтикалық нарығы, нарықты талдау, даму тенденциясы, фармацевтикалық нарықтың көлемі, отандық өндірушілерді қолдау.

Аңдатпа

Фармацевтика өнеркәсібі ғылыми зерттеулерді дамытудың, әсіресе, коронавирустық
пандемияға байланысты әлеуметтік маңызды және перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.
Мақалада фармацевтикалық нарықты, маркетингтік зерттеулерді, есептілік пен статистикалық деректерді талдау бойынша алдыңғы жұмыстарға негізделген әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеу барысында келесі жалпы ғылыми әдістер қолданылды: ғылыми талдау әдісі, статистикалық және салыстырмалы талдау, индуктивті және дедуктивті әдістер.
Сонымен қатар, әлемдік фармацевтикалық нарықтың динамикасын зерттелді, оның дамуының негізгі
себептері мен шектеулерін анықталды, қызметтің перспективалық бағыттары қарастырылды. Қазақстан
Республикасының фармацевтикалық нарығының қазіргі жағдайы талданып, оның дамуына талдау жасалды.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы әлемдік тенденцияларға сәйкес дамып келе жатқаны анықталды. Фармацевтикалық нарықтың даму динамикасын, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды, мемлекеттік бақылау шараларын қатайтуды және отандық
өндірушілерге қойылатын талаптарды ескере отырып, отандық фармацевтика саласындағы бәсекеге қабілеттілік пен өсуді күтуге болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алиева N. ., Манап A. ., & Исабаев M. (2023). Әлемдік тенденциялар жағдайындағы қазақстандық фармацевтикалық нарық. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 21–35. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-21-35

Журналдың саны

Бөлім

Статьи