Иерархиялық деңгейлердегі көшбасшылық стильдерінің айырмашылығын бағалау: Ахмет Ясауи университеті мысалында


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 59

Авторлар

  • А.Д. Болганбаев
  • К. Мырзабеккызы
  • Д.Н. Келесбаев

Кілт сөздер:

көшбасшы, көшбасшылық, көшбасшылық стильдер, көшбасшылық мінез-құлық, көшбасшылық тәсілдер, менеджер, иерархиялық деңгейлер.

Аңдатпа

Әдебиеттерде көшбасшылық стилдер мен мінез-құлықтар туралы көптеген зерттеулер
болса да, көшбасшылық мінез-құлықтардың иерархиялық сатыларға немесе деңгейлерге сәйкес қалай
қабылданатындығын көрсететін зерттеулер өте аз. Сондықтан зерттеу жұмысының мақсаты төменгі, орта
және жоғарғы деңгейдегі менеджерлердің білім беру ұйымдарындағы жоғары басшылық мінез-құлықта-
рын қалай қабылдайтынын және олардың көшбасшылық мінез-құлықтарды қабылдауы иерархиялық
сатыларға немесе деңгейлерге сәйкес өзгеретінін анықтау болып табылады. Зерттеу барысында көш-
басшылық мінез-құлықты өлшеу кезінде менеджерлерден өздерінің мінез-құлқын бағалау көзделмеді;
қызметкер мен менеджердің өздерінің ең жақсы мінез-құлқын қалай қабылдайтынын анықтауға әрекет
жасалды. Зерттеу жұмысының кеңістігі ретінде Ахмет Ясауи университетінде жұмыс жасайтын жоғарғы,
орта және төменгі деңгейдегі менеджерлер алынды. Зерттеу деректері сауалнама әдісін қолдану арқылы
101 менеджерден жиналды. Сауалнамаға қатысқан менеджерлерге: келешек бағытты айқындау, қор-
шаған ортаға сезімталдық, ерекше мінез-құлықты көрсету, тәуекелшілдік, ұйым мүшелерінің қажет-
тіліктеріне жауап беру және мәртебені сақтау туралы сұрақтар қойылды және тиісті талдаулар да осы
сұрақтарға жоғарғы, орта және төменгі деңгейдегі басшылардың берген жауаптары бойынша жасал-
ды. Сонымен қатар, сауалнамада қолданылатын барлық айнымалы мәндер 1-толық келіспеймін және
5-толық келісемін арасындағы 5 балдық Ликерт типті шкалалармен өлшенді. Менеджерлердің көшбас-
шылық әрекеттерін өлшеу үшін Цуй және оның әріптестері (2006: 120) жасаған Топ-менеджерлердің
көшбасшылық мінез-құлықтарын өлшеу сауалнамасы және Кабакофф (1998: 18-20) және Басқаруды
зерттеу тобы жасаған Көшбасшылық тиімділікті талдау (LEA) жұмыстарынан пайдаланылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болганбаев A. ., Мырзабеккызы K. ., & Келесбаев D. . (2023). Иерархиялық деңгейлердегі көшбасшылық стильдерінің айырмашылығын бағалау: Ахмет Ясауи университеті мысалында. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 81–96. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/491

Журналдың саны

Бөлім

Статьи