Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының инновациялық қызметін басқару ерекшеліктері


Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • Р.Д. Досжан
  • А.С. Усманов
  • Ә.К. Қожахметова

Кілт сөздер:

инновациялар, инновациялық үдерістер, инновациялық мекемелер, мекеме қызметінің тиімділігі

Аңдатпа

Мақалада отандық кәсіпорындарда қолданылатын инновациялар және олардың ұйым
қызметінің тиімділігіне әсері қарастырылған. Инновациялар отандық және халықаралық нарықтарда
кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі компонент болып табылатыны белгілі.
Зерттеудің мақсаты ҚР-дағы кәсіпорындарды тиімді басқарудағы инновациялық үдерістердің рөлін
бағалау болып табылады.
Авторлар Алматы қаласындағы инновациялық кәсіпорындардың жетекшілері мен бас мамандары-
ның қатысуымен ұйымдастырылған сауалнама мәліметтерін қолдана отырып, сандық зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелері инновациялық үдерістердің инновациялық кәсіпорындардың қаржылық және
қаржылық емес тиімділік көрсеткіштеріне оң әсерін анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнаманың нәтиже-
сінде алынған деректер отандық кәсіпорындар өнімдік инновацияларды көбірек шығаратынын (67%), ал
үдерістік инновациялардың үлесінің төмендігін (25%) көрсетті. Оған қоса, авторлар отандық кәсіпорын-
дарда инновациялық үдерістерді белсенді енгізудегі сыртқы және ішкі кедергілерді анықтады, сондай-ақ,
олардың алдын алу жолдарын ұсынды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Досжан R. ., Усманов A. ., & Қожахметова A. . (2023). Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының инновациялық қызметін басқару ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 97–104. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/492

Журналдың саны

Бөлім

Статьи