Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені қызметінің тиімділігін арттырудың қаржылық ынталандырулары
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 142
Кілт сөздер:
агроөнеркәсіптік кешен, қаржылық және экономикалық ынталандыру, бәсекеге қабілеттілік, қаржыландыру көздері, банктік несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау.Аңдатпа
Мақала авторлары Қазақстан экономикасын жаңғырту контексінде агроөнеркәсіптік ке-
шенді қаржылай қолдау тұжырымдамаларын ұсынады. Зерттеудің өзектілігі саладағы импортты ал-
мастырудың сауатты саясаты арқылы аумақтық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың негізділігіне бай-
ланысты. Мақалада Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы
статистикалық деректері және қаржылық ынталандырудың Қазақстанның аграрлық секторын кеңей-
туге әсері талданады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жай-күйіне
жүргізілген кешенді талдау нәтижесінде аграрлық саладағы қаржылық қатынастардың бірқатар негізгі
проблемалары анықталды: Ауыл шаруашылығын субсидиялау мен кредиттеудің тиімсіз жүйесі, ауыл
шаруашылығының мемлекетке тәуелділігінің өсіп келе жатқан деңгейі; Аграрлық нарық субъектілерінің
қаржыландыруға қол жетімділігінің жеткіліксіздігі; бюджет қаражатын игермеу және тиімсіз пайдала-
ну; ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділігінің төмендігі (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жарты-
сына жуығы шығынды болып қалады); аграрлық өндіріске инвестицияларды енгізуді ынталандырудың
жеткіліксіздігі; саладағы еңбек өнімділігінің төмендігі, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз
етудің төмендеуі және негізгі өндірістік қорлардың күрт тозуы.