Қазақстан Республикасында мемлекеттік борышты басқару моделін жетілдіру
Қаралымдар: 124 / PDF жүктеулері: 143
Кілт сөздер:
мемлекеттік борыш, бюджет тапшылығы, ішкі борыш, сыртқы борыш, борышты басқару, борыштық жүктеме, оңтайландыру, фирмааралық борышАңдатпа
Мақалада бірнеше ғалымдардың мемлекеттік борышты басқарудың тео-
риялық көзқарастары қарастырылған. Мемлекеттік борышты басқару жүйесі, тұта-
стай алғанда, ел экономикасының тұрақтануына және одан әрі орнықты дамуына елеулі
ықпал ететін экономикалық саясаттың негізгі салаларының бірі ретінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының серпіні мен құрылымына талдау
жүргізілді, мемлекеттік борышты тиімді басқарудағы негізігі мәселелер анықталды.
Сыртқы борыштың максималды көлемінің есебінсіз борышты тиімді басқару мүм-
кін емес. Дүниежүзілік Банк нақты елдің сыртқы борышының максималды қажетті
деңгейін анықтау үшін, борыштың шекті қажетті деңгейін анықтайтын моделін
пайдалануды ұсынады. Бұл модель сыртқы ресурстарды тартудың барынша мүмкін
болатын көлеміне сүйене отырып, елдің орта мерзімді стратегиясын әзірлеуге мүмкін-
дік береді және елдің макроэкономикалық жағдайын талдау үшін базис болып табыла-
ды. Мақалада, сонымен қатар, елдің мемлекеттік борышын оңтайландырудың негізгі
бағыттары белгіленді.