Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар саласындағы мемлекеттік шығындарды талдау және мониторингілеу
Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 535
Кілт сөздер:
мемлекеттік шығындар, мемлекеттік сатып алу, экономика, талдау, тиімділік.Аңдатпа
Бұл мақалада тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуды тікелей қамтитын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шығындар саясаты туралы мәселе қарастырылады.
Мемлекет экономикалық дағдарыс жағдайында және қаржы нарығындағы елдегі халықтың өмір сүру
деңгейіне тікелей әсер ететін тұрақсыздық жағдайында мемлекеттік бюджетке қысымның жоғарыла-
уымен күресуге мәжбүр болған қазіргі кездегі мемлекеттік сатып алулардың рөлі өзекті тақырыптардың
бірі болып табылады.
Мемлекеттік шығындардағы сатып алулардың тиімділігі бүгінгі саяси күн тәртібінде маңызды орын
алады.
Қазақстан үшін бюджет қаражатын жұмсау және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жақсарту арқылы
тиімділікке жету жолдары маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, соңғы жылдары қоғамдық бақылау-
дың маңыздылығы бюджеттің шығындалу тиімділігін арттыруда елеулі рөл атқарды.
Талдау барысында әлемнің әртүрлі елдері арасында жүргізілген тәуелсіз және салыстырмалы талдау,
бюджеттік ақпаратқа халықтың қол жетімділігін жеңілдетуге және мемлекеттің есеп берілетін бюджет-
тік жүйелерін қабылдауға бағытталған ғылыми-насихаттық бағдарламасы бар Қазақстандағы бюджеттің
ашықтығына шолу жасалынады.