Қазақстанда агломерациялық қалалардың инновациялық дамуын басқару
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 304
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-130-142Аңдатпа
Мақалада авторлар агломерациялық қалалардың экономикасын жаңғырту, әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін инновациялық дамуын басқару үдерістерін жетілдіру жолдарын қарастырған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қала экономикасын жаңғырту және оның инновациялық дамуын басқару өте жоғары басымдыққа ие болып отыр. Агломерациялық қалалардың инновациялық дамуын басқару стратегиясын, тетіктерін, әлеуметтік-экономикалық мәселелелерін анықтау бойынша ауқымды зерттеу жұмысы жүргізілді. Агломерациялық қалаларының экономикасын әртараптандыру, бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықтың өмір сүру сапасының артуына септігін тигізетін инновациялық даму мүмкіндіктерді ашып көрсетуге тырысқан.
Сондай-ақ, авторлар агломерациялық қалалардың инновациялық дамуын басқару тетігін және оны іске асыру құралдарын зерттеу маңызды деп санап, осы мақалада жан-жақты зерделеп көрсеткен. Агломерациялар – қаланың маңайында қалыптасқан елді-мекендердің, бір оталыққа яғни, жалпы көлік-логистикалық, мәдени, өндірістік, инновациялық және еңбек ресурстарының топтасуы болып табылады. Агломерация кәсіпкерлік саланың жағдайын, халықтың тұрмысын жақсартуға, инновациялық, ғылыми және шығармашылық қызметтің дамуына, инвестицияның көп көлемде келуіне ықпал ететіндігін дәлелдеуге тырысқан.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.