Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының инновациялық қызметінің тиімділігін талдау


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 149

Авторлар

  • С. Шакеев Е. А. Бөкетов атыгндағы Қарағанды университеті
  • К. Невматулина Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
  • Е. Набиев Е. А. Бөкетов атыгндағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-195-205

Кілт сөздер:

кәсіпорындар, инновациялар, инновациялық жүйе, инновациялық өнім, ҒЗТКЖ

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі қазіргі экономиканың дамудың жаңа инновациялық кезеңіне аяқ басып, өзінің әлеуеті, білімі, шығармашылық ойлауы мен тәжірибесі бар тұлғаның маңыздылығы арта түсуі мен байланысты. Авторлар жүргізген зерттеу кәсіпорындардың инновациялық қызметінің проблемалық мәселелерін одан әрі зерделеу мен пысықтаудың өзектілігі мен қажеттілігін растады. Кәсіпорындардың инновациялық қызметі қазіргі заманғы және жоғары технологиялық экономиканың шынайылығымен және шарттарымен шартталған және инновациялар мен инновациялық процестерді енгізудің арқасында кәсіпорындардың және тұтастай алғанда экономиканың тиімділігі артады.

Осы мақсатқа жету үшін авторлар екі өнеркәсіптік бес жылдықты орындау аясында негізгі статистикалық көрсеткіштерді, оң және теріс үрдістерді талдап, әрбір статистикалық көрсеткіш бойынша проблемалық мәселелерді анықтады.

Зерттеу нәтижесінде авторлар Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің белгілі бір серпінін шығарды, атап айтқанда, өндірілген инновациялық өнім көлемін, кәсіпорындардың инновациялық қызметті жүзеге асыруға жұмсайтын шығындарының деңгейі мен құрылымын, аймақтар контекстінде Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық қызметінің әлеуетін қарастырып, жүріп жатқан процестердің себеп-салдарлық байланыстары мен ықтимал шешімдерді анықтады

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шакеев, С., Невматулина, К., & Набиев, Е. (2023). Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының инновациялық қызметінің тиімділігін талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 195–205. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-195-205

Журналдың саны

Бөлім

Статьи