Қазақстан аймақтарындағы ішкі көші-қон үдерістерінің әлеуметтік-экономикалық факторлары
Қаралымдар: 154 / PDF жүктеулері: 291
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-86-98Аңдатпа
Қазақстан аймақтарынан республикалық маңызы бар қалаларға жалғасып жатқан көші-қон ағыны Қазақстанның ғылыми ортасы мен саясатында көп жылдар бойы талқылануда. Еліміздің солтүстік өңірлерінің көші-қон тартымдылығын арттыру үшін ынталандыру тетіктерін құру бойынша мемлекет қабылдаған шаралар жеткіліксіз нәтиже көрсетті. Бұл өзекті мәселені шешу, ең алдымен, қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерін анықтауды талап етеді. Бұл зерттеудің идеясы көші-қонның әлеуметтік-экономикалық үдерістермен органикалық байланысы бар және белгілі бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзіндік көрсеткіші болып табылады деген болжамға негізделген. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан аймақтарының ішкі көші-қон тартымдылығына әсер ететін детерминантты әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста аймақтардың ішкі көші-қон тартымдылығына салыстырмалы талдау жүргізілді, осы көрсеткіш бойынша аймақтар рейтингі жасалды, сондай-ақ аймақтар көші-қонды тарту, ұстау және тойтару сияқты топтарға жіктелді. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау негізінде әрбір аймақтар тобына мінездеме берілді. Алынған нәтижелерді аймақтардың және жалпы мемлекеттің көші-қон саласындағы бағдарламалық құжаттарын әзірлеуде пайдалануға болады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.