Қазақстанда экономиканы қайта реттеу және бизнесті дамыту мәселелері
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 62
Кілт сөздер:
реттеу, бәсекелестік орта, шағын және орта бизнес, жекешелендіру, меншік.Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік меншік объектілерін бәсекелестік ортаға беруге байланысты экономиканы
қайта реттеуге бағытталған мемлекет стратегиясының негізгі бағыттары баяндалған. Автор кәсіпкерлік пен
жеке бастаманы жандандыруға бағытталған мемлекет пен бизнес қатынастарын ырықтандыру процесін
ашып көрсетеді. Қазақстанның экономикалық саясатының құралы 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді
жоспарға сәйкес ірі ауқымды жекешелендіру болды.
Мақаланың негізгі екпіні мемлекеттің жеке кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ЖІӨ-дегі шағын және
орта бизнестің үлесін арттыруға ықпал ететін инфрақұрылымды қалыптастыру шараларына жасалған. Атап
айтқанда, студент жастардың өз ісін құрудың теориялық және практикалық негізін беретін курстарды білім
беру бағдарламаларына енгізудің маңыздылығы қарастырылады.