Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жұмысшыларға сыйақы
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 89
Аңдатпа
Мақалада ұйымның жұмысшыларына сыйақы мен төлемдердің түрлері қарастырылған.
Қысқа мерзімді сыйақылар есеп үшін жеткілікті түрде қарапайым элементтер болып табылады: міндеттемелер
немесе шығындарды бағалау кезінде актуарлы рұқсаттамаларды пайдалану қажет етілмейді, міндеттемелер
дисконтталмайды. ҚЕХС (IAS) 19 шеңберінде жұмыста қысқамерзімдік төленетін болмаулар екі санатқа
бөлінеді: жинақталатын (өтелетін және өтелмейтін) және жинақталмайтын. Ұйым күтілетін шығындарды
жұмысшылардың пайданы бөлуге және сыйақыны төлеуге қатысуын мойындайды. Пайдаға және сыйақыға
қатысу жоспарлары бойынша міндеттемелер жұмысшының көрсетілген қызметтерімен байланысты
туындайды, сондықтан ұйым оны таза пайданы тарату ретінде емес, шығындар ретінде есепке алады.
Сыйақылар бойынша міндеттемелерді бағалау кезінде ұйым жұмысшысының пайдадағы тиесілі үлесін
алмай - ақ жұмыстан шығу мүмкіндігі ескеріледі. Жұмысшыларға басқа да ұзақ мерзімді сыйақы бойынша
міндеттемелер есепті мерзімге дисконтталған міндеттемелер құны мен есепті мерзімге міндеттемелерді өтеу
үшін ғана арналған бағдарлама активтерінің әділетті құнының айырмасы ретінде анықталады.