Көп арналы бөлшек сауданы жағдайында электрондық коммерция нарығында жеткізу тізбегін дамытудың проблемалық аспектілері
Қаралымдар: 130 / PDF жүктеулері: 200
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-25-33Кілт сөздер:
электрондық коммерция, көп арналы бөлшек сауда, тәуекелдер, форс-мажор, жеткізу тізбегіАңдатпа
Соңғы жылдардағы электронды коммерцияның дамуы коронавирустық пандемиямен және карантиндік кезеңде бөлшек сауданың қысқаруымен байланысты.
Көп арналы бөлшек сауда, электрондық коммерциядан басқа, онлайн және офлайн дүкендерді, мобильді коммерцияны және тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді сату мен жеткізудің басқа тәсілдерін қамтиды.
Бұл мақаланың мақсаты – әлемдік және қазақстандық нарықтардағы көп арналы бөлшек сауда жағдайында жеткізу тізбегін дамытудағы проблемаларды талдау.
Зерттеу идеясы көп арналы бөлшек сауда контекстінде электрондық коммерцияның негізгі мәселелерін қарастыру болып табылады.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы көп арналы бөлшек сауда жағдайында электрондық коммерцияның даму факторларын зерттеуде жатыр.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы көп арналы бөлшек сауда ортасындағы электрондық коммерцияның ең проблемалық аспектілері бойынша деректерді талдау нәтижелерімен анықталады.
Зерттеу әдістемесі жүйелеу және гипотетикалық болжамдар арқылы ұсынылған, соған сәйкес көп арналы бөлшек сауданың даму жолдары анықталды.
Зерттеудің негізгі нәтижелері қорытындыларда көрсетілген және ұсыныстарда келтірілген.