Қазақстан Республикасындағы тікелей шетел инвестицияларының қазіргі жағдайы мен құрылымы
Қаралымдар: 263 / PDF жүктеулері: 292
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-34-45Кілт сөздер:
тікелей шетелдік инвестициялар, инвестициялық қызмет, бизнес, экономикалық даму, Қазақстан РеспубликасыАңдатпа
Бұл жұмыста Қазақстан жағдайында мемлекет стратегиялық тұрғыдан маңызды міндет ретінде қарастырылатын тікелей шетелдік инвестициялық белсенділіктің дамуының қазіргі жағдайы зерттеледі. Экономика саласындағы басылымға шыққан әдеби дереккөздерге шолу, тиісті заңнаманы қарастыру негізінде инвестиция категориясы нақтылаңған. Салыстырмалы талдау әдісін қолдану арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы инвестициялық белсенділіктің ағымдағы жағдайына бағалау жүргізілді.
Қорытынды бөлімде автор Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асырудың негізгі мәселелерін ашып, оларды шешудің негізгі бағыттарын көрсетеді. Автордың пікірінше Қазақстан Республикасындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырумен және өңдеуші өнеркәсіп салаларына тікелей шетелдік инвестициялар құрылымын өзгертумен тікелей байланысты.