Посткеңестік елдердегі гендерлік жалақыдағы айырмашылық: ЕҚДБ негізіндегі дәлелдер
Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 258
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-126-141Кілт сөздер:
еңбек нарығы, гендерлік рөлдер, кемсітушілік, гендерлік сегрегация, білімАңдатпа
Бұл ғылыми мақалада 2016 жылы жүргізілген "Өтпелі кезеңдегі өмір" сауалнамасының үшінші толқыны аясында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі жинаған мәліметтер негізінде, посткеңестік елдердегі жұмыспен қамту саласындағы гендерлік теңсіздік қарастырылады. Көптеген күш-жігерге қарамастан, әйелдер мен ерлер арасындағы жалақы алшақтығы әлемнің көптеген елдерінде, әсіресе посткеңестік елдерде әлі де маңызды мәселе болып табылады.
Посткеңестік елдердегі ерлер мен әйелдердің жалақысының теңсіздігі мәселесіне әсер ететін әртүрлі факторларды анықтайтын бірқатар мақалалар талданды.
Бөлімде бірнеше суреттерді қолдана отырып, жалақы алшақтығының нәтижелері мен талқылауы берілген. Әрбір суретте посткеңестік елдердегі ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекақы алшақтығы, ерлер мен әйелдер арасындағы мектепте оқудан түсетін табыс коэффициенті, экономиканың ең жоғары және төмен ақы төленетін секторлары бойынша статистика, жұмысшылар арасындағы әйелдердің өкілдігі және т. б. көрсетілген.
Нәтижесінде гендерлік айырмашылықтар бүгінгі күнге дейін еңбек нарығына оң немесе теріс әсер ететін елдер анықталды. Зерттеу негізінде нақты елдерде саясатты қолдану бойынша кейбір қорытындылар соңында берілген.