«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жандандырудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары


Қаралымдар: 158 / PDF жүктеулері: 135

Авторлар

  • C. Ыдырыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Д. Тубекова Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-185-200

Кілт сөздер:

ашық үкімет, азаматтық қазылар алқасы, халық үніне құлақ асатын мемлекет, сындарлы диалог, стратегиялық жоспарлау, демократиялық мемлекет, саяси белсенділікті арттыру.

Аңдатпа

Қоғамда күн санап өсіп келе жатқан күрделі әлеуметтік сұраныстар мен жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда басты саясат азаматтық қоғам белсенділерін мемлекеттік басқаруға көптеп тарту болып отыр.  Өйткені онсыз, яғни қоғамдық бақылаудың қазіргі жаңа тетіктерін қолдамайынша, шешімдер қабылдауда және мемлекеттің атқарылымдық функцияларды жетілдіруде тиімді механизмдер қалыптастыра алмаймыз. Бұл кез келген мемлекеттің дамуында маңызды мәселе, әрі шешілуі жылдам болуы тиіс іс шара.

Осы себепті мақаланың мақсаты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» кағидатын  жандандыру, өйткені бұл үдеріс ұлттық саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын және ұсынымдарын тұжырымдауға оң ықпал етеді.

Зерттеудің жаңалығы ретінде ерекше назар қазіргі азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Демек, қоғамда мемлекет пен азаматтардың әріптестігінің қазіргі тенденциялары мен заңдылықтарын зерделеп талдауға зор мән беріліп отыр.

Зерттеу әдістері ретінде «Ашық үкімет» порталы мен  «Президенттің Виртуалды қабылдау бөліміне» түскен мәліметтерді пайдалана отырып, деректерді өңдеудің статистикалық әдісі мен талдау жасалды. Сонымен қатар салыстырылмалы зерттеу жүргізіліп, экономикаға динамикалық сараптама жасалды.

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибені талдай отырып, негізгі құндылық ретінде мемлекеттік институттар мен азаматтар әріптестігінің тиімді тетігі ретінде «Азаматтық қазылар алқасы» моделін тиімді пайдалану ұсынылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ыдырыс C., & Тубекова, Д. (2023). «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жандандырудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 185–200. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-185-200

Журналдың саны

Бөлім

Статьи