Әлемнің әртүрлі елдеріндегі мемлекеттік қызметтер: салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 183 / PDF жүктеулері: 209

Авторлар

  • P. Кадырова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Қаңтарбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-218-233

Кілт сөздер:

мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметтердің сапасы, сапаны басқару, салыстырмалы талдау, мемлекеттік қызметтердің сапа үлгілері.

Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты әлемнің әртүрлі елдеріндегі (атап айтқанда: Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Канада, Финляндия, Ресей) мемлекеттік қызметтерді зерттеу және салыстырмалы талдау болып табылады. Бұл мақалада біз салыстырмалы талдау әдісімен зерттелген әлемнің тоғыз еліндегі мемлекеттік қызметтердің жай-күйін зерттедік. Салыстырмалы зерттеуде біз Біріккен Ұлттар Ұйымының 2020 жылғы екіжылдық шолуларын, есептерін, ережелерін, статистикасын қолдандық. Біз анықтаған елдердегі мемлекеттік қызметтердің жай-күйін зерделеу үшін талдау үшін келесі критерийлерді қолдандық: тарихи аспект, электрондық қызметтер, құқықтық нормалар, жүйелердегі қызметтер. Біз әрбір ел үшін мемлекеттік қызметтер мен электрондық үкіметтерді құрудың тарихи процесін талдап, түсіндірдік; әрбір ел үшін электронды үкіметтің тарихи дамуы түсіндірілді; талданатын елдердегі құқықтық механизмдер анықталды. Мақаланың қорытынды бөлімінде зерттелетін елдердегі мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша кейбір ұсыныстар мен ұсынымдар берілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кадырова R., & Қаңтарбаева, А. (2023). Әлемнің әртүрлі елдеріндегі мемлекеттік қызметтер: салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 218–233. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-218-233

Журналдың саны

Бөлім

Статьи