Санкциялардың экономикаға трансшекаралық әсерін күшейту жағдайында Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің несиелік қоржының басқару
Қаралымдар: 292 / PDF жүктеулері: 162
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-275-284Кілт сөздер:
несие, несиелік қоржын, несиелік тәуекел, тәуекел-менеджмент, секьюритилендіру, мәселелі несиелерАңдатпа
Бұл мақалада біз санкциялардың экономикаға трансшекаралық әсерін күшейту жағдайында Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің несие қоржының басқарудың негізгі аспектілерін қарастырдық. Жоғары несиелік тәуекелдер, несиені қайтармау, банктердің несиелік қызметінің тиімсіздігі, несиелік қоржын сапасының нашарлауы, несиелік саясаттың тәуекел дәрежесі сияқты факторлар коммерциялық банктің несиелің қоржының басқару үрдісін оңтайландыруды талап етеді.
2019 жылдың басынан бастап несие қоржының біртіндеп өсу үрдісі қаралды. Қазақстанның коммерциялық банктерінің несие қоржынының сапасына талдау жасалды. Несиелік қоржынды басқарудың ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын дамытудағы рөлі мен маңызы анықталды. Мақалада несие қоржынын басқарудың теориялық аспектілері, оның Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі, несиелеудің қазіргі жай-күйі мен даму үрдістеріне талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми статистикалық деректері пайдаланылды.
Қазақстан өңірлері бөлінісінде несиелік қоржынға, сондай-ақ оның экономика салалары бойынша құрылымына талдау жүргізілді. Несие қоржының тиімді басқарудағы негізгі мәселелік орындар анықталды. Несие қоржының сапасын жақсарту және басқару бағыттарын жетілдіру бойынша авторлық ұсыныстар ұсынылды.