Мемлекеттік аудит кезінде жерді қашықтықтан зондтаудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану
Қаралымдар: 298 / PDF жүктеулері: 194
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-307-323Кілт сөздер:
Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі-ЖҚЗ), жоғары аудит органдарының стандарттары (бұдан әрі – ИНТОСАИ), 2017 жылғы Атбасардың топан су басуы, мемлекеттік аудит, Мемлекеттік басқаруАңдатпа
Бұл мақалада авторлар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау кезінде жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі-ЖҚЗ) деректерін пайдалану аудитті неғұрлым сапалы жүргізуге және мемлекет шығыстарын жоспарлау кезінде есептеулерді негіздеуге қол жеткізуге ықпал ететін құралдарын қарайды. Мақалада Атбасардың суға батуы бойынша ЖҚЗ суреттерінің деректері баяндалады. Авторлар электрондық мемлекеттік аудит жүргізу кезінде ЖҚЗ жерсеріктерінің деректерін пайдалануға болады деп есептейді. Сондай-ақ, бұл жұмыста аудиттегі деректерді ЖҚЗ қолдану критерийі арқылы жариялылық пен есеп беруді талап ететін Қазақстанда халықаралық аудит стандарттарын тиімді қолдануды бағалау мүмкіндігі қарастырылған. ЖҚЗ заманауи технологияларын пайдалану тиімділігін бағалауды және халықаралық стандарттар талаптарын қолдануды көрсете отырып, аудиттің бірыңғай дерекқорын дамыту қажеттілігі қаралды. Бұдан басқа, дүлей зілзалаларға ұшырайтын неғұрлым тәуекелді аумақтарды талдау және осы бағытта сақтандыру құралдарын дамыту үшін ЖҚЗ деректерін талдау мүмкіндіктері қарастырылды, осылайша бюджеттік жүктемені төмендетті. Қазіргі заманғы технологиялар шығыстардың негізділігін тексеруге мүмкіндік беретіндіктен және халықаралық аудиторлық қоғамдастықтың жаһандық сипаттағы құжаты болғандықтан, авторлар мемлекеттік аудит әдіснамасын одан әрі жетілдіру үшін технологиялық прогресс мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынады. Жаңа технологияларды пайдалану үшін әдіснамалық негіз тұрғысынан жоғары аудит органдарының (бұдан әрі – ИНТОСАЙ) стандарттары қаралды. Авторлар стандарттарды қазақстандық тәжірибеде қолдану мақсатында олардың қолданылуына талдау жүргізді.