Қазақстанның қаржы секторын жаңғыртудың негізгі шаралары
Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 81
Кілт сөздер:
қаржы, банк, жаңғырту, депозит, бюджет, кредит, шетел инвестициясы, ұлттық валюта.Аңдатпа
Еліміздің қаржы секторын жаңғыртудың басты мақсаты – қаржылық жүйені, қаржы секторын
одан əрі дамыту, қалыптасқан үрдістерді қаржы жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізін
қалаушы факторлар ретінде қабылдануына жол бермеуге қарсы əрекет етуге барабар механизмдер құру,
сондай-ақ республикамыздың қаржы жүйесіне деген сенімді нығайту жəне инвестициялық белсенділікті
ынталандыру болып табылуы тиіс. Экономикамыздың дамуында шетел инвестициялары маңызды рөл
атқаратыны белгілі. Бұл бағыттарда еліміздің аумақтарында жаңа қаржы құралдарын енгізу мен дамыту
кезінде əлеуетті тəуекелдерді жан-жақты бағалау принципінің негізінде көрсетілетін қаржылық қызметтердің
сапасын арттыру жəне ауқымын кеңейту бойынша жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Мемлекеттік-жеке
серіктестік жобаларын одан əрі дамыту керек. Еліміздің банк жүйесіндегі бəсекені шоғырландыру мен
ынталандырудың деңгейіне шек қою мəселесі болып табылады, бұл банктер капиталының ең төменгі
мөлшерін біртіндеп ұлғайту қажеттілігінің тікелей іс-шаралары ретінде көзделеді.