Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстан мұнайының экспортына әсері
Қаралымдар: 151 / PDF жүктеулері: 309
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-176-185Кілт сөздер:
мұнай өндіру өнеркәсібі, санкциялар, жаһандану, ықпалын тигізу, стратегия, шикізат бағытыАңдатпа
Мұнай өңдеу саласының мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін зерттеу негізінде мұнай өңдеу өнеркәсібі Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, елдің отын-энергетикалық кешенінің едәуір бөлігін алып отырғаны айқындалды. Сонымен қатар, жаһандық экономика жағдайында Қазақстанның мұнай өндіру өнеркәсібі Ресейге қарсы санкцияларға байланысты проблемаларды бастан кешіруде, бұл мұнай мен мұнай өнімдері экспортының шикізаттық бағытын еңсерудің ұлттық саясатын іске асыруды қиындатады.Ресейге қарсы санкциялардың болуы фактісі Ресей мен Қазақстан арасындағы еуропалық энергия тасымалдаушылар нарығындағы бәсекелестіктің шиеленісу өрісін қалыптастырады және жетілмеген бәсекелестік әдістерін қолдануға, экономикалық мәселелерді шешуде саяси құралдарды қолдануға жағдай жасайды.
Бұл жағдай Ресейде де, Қазақстанда да мұнай өнеркәсібінің дамуына кері әсерін тигізеді және оны шешуді талап етеді, бұл қазақстандық мұнай секторы мұнай өңдеуді интенсификациялауға негізделген дамудың инновациялық моделіне көшкен кезде мүмкін болады.
Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанның Ресейлік көлік инфрақұрылымын пайдалануына байланысты Еуропалық Одақ елдерімен сауда жасау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан Қазақстан Республикасы экспортталатын тауарларды тасымалдау үдерісін сақтандыру және кейбір қосымша шығындарды субсидиялау жолымен экономикалық шығындарды төмендетуге ұмтылуы қажет.
Қазақстан осы уақытқа дейін жүргізген дипломатия арқылы Ресеймен қарым-қатынасты сақтауға тырысып, сондай-ақ ел алдында тұрған экономикалық қиындықтар мен саяси қысымдарды теңгерімді түрде жеңе отырып, елдер арасындағы делдалдықта бастама көтеруде. Осылайша, Қазақстан өзінің дәстүрлі көпвекторлы сыртқы саяси стратегиясын жалғастыруда. Әрине, өңірдің барлық елдері сияқты Қазақстан үшін ең тиімді және жан-жақты шешім Украинадағы соғысты тезірек тоқтату десек болады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 А. Оңдаш , А. Өміртай, А. Бекмухаметова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.