Урбандалу: Қазақстанның Солтүстік өңірлеріндегі демографиялық және әлеуметтік мәселелер
Қаралымдар: 176 / PDF жүктеулері: 229
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-50-64Кілт сөздер:
урбандалу, өңірлер, қала және ауылдық аймақтар, демографиялық-миграциялық жағдай, басқарылатын урбандалу.Аңдатпа
Қала және ауылдық жерлердің үйлесімді дамуына ықпал ету үшін Қазақстан «басқарылатын урбандалу» мен «адамдар инфрақұрылымға» қағидатын ескере отырып, өңірлердің «өсу нүктелерін» дамыту тәсілін жетілдіруде. Бұл тәсіл урбандалу үрдісі аясында орын алып отырған ауыл мен қала дамуы арасындағы үлкен айырмашылықтарды еңсеруге, агломерацияларды, өңірлердегі ірі және орташа қалаларды дамытуға, перспективалы және шекара маңындағы аумақтарда өндірістік жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның Солтүстік өңірлеріндегі (Қостанай және Солтүстік Қазақсан облыстары (СҚО) халық санының азаюына әсер етуші индикаторларды анықтай отырып, ондағы демографиялық және әлеуметтік мәселелерді зерделеу. Зерттеу нәтижесінде Солтүстік Қазақсан және Қостанай облыстарындандағы халық санының азаюы – туу көрсеткіштерінің төмендеуімен тікелей байланысты екені анықталды. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері туу көрсеткіштерінің азаюын өңірлердегі экономикалық белсенді топтардың ірі қалаларға кетуімен, әлеуметтік сала қызметтері сапасының қала деңгейімен салыстырғанда салыстырмалы төмен екенін көрсетті. Нәтижесінде ауылдық аумақтардағы халық санының азаюы салдарынан әлеуметтік нысандар (балабақша, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері т.б.) өзінің қызмет көсету маңыздылығын жоғалтуда. Сол себепті мақалада Қазақстанның Солтүстік өңірлеріндегі демографиялық және миграциялық мәселелерді реттеу үшін экономикалық белсенді топтарды тұрақты жұмыспен қамтитын өндіріс орындарын құру мен оларды инвестициялау қажеттілігі ғылыми негізделді. Өңірлер мен олардың ауылдық аумақтарындағы экономикалық белсенді топтар санын арттыру - аймақтардағы демограциялық, инфрақұрылымдық, экономикалық мәселелерді реттеудің кешенді тәсілі бола алады
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 K. Бодаухан , Д. Женсхан, Ж. Саматова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.