Ресейдегі ауыл шаруашылығын сақтандырудың ерекшеліктері
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 44
Кілт сөздер:
ауылшаруашылық қызметі, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, сақтандыру төлемдерін есептеу әдістемесіАңдатпа
Ауыл шаруашылығы бизнестің жоғары қауіпті қызмет саласына жатады және сонымен бірге
төменгі кіріс рентабельділігімен ерекшеленеді. Ресейде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына
арналған ауыл шаруашылық жерлерінің негізгі бөлігі қауіпті ауыл шаруашылығы саласында орналасқан. Осы
жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің өсу қарқынын қамтамасыз ету, өсу қарқынына қол жеткізу өте қиын.
Ауыл шаруашылығы мемлекеттік қолдауында, сондықтан да аграрлық саланы сақтандыру субсидияланады.
Алайда, агроөнеркәсіпті сақтандыруда ауылшаруашылық ұйымдары мүдделі емес. Сақтандыру
келісімшарттарын жасаған ұйымдардың санын қысқарту, ауыл шаруашылығындағы өсімдік шаруашылығында
дәнді дақылдарын сақтандырған және т.б. көптеген себептерге байланысты. Оның басты себебі - Ресейде
ауыл шаруашылығын сақтандырумен айналысатын сақтандырушылардың (сақтандыру компанияларының)
жеткіліксіздігімен байланысты. Ауыл шаруашылық сақтандыру нарығы инфрақұрылымының дамымағандығы
мен сақтандыратындар мен сақтандырушылар арасындағы (ауылшаруашылық ұйымдары мен сақтандыру
компаниялары) сенімді қарым-қатынастың жоқтығын атап өту керек.