Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі аутсорсингтік қатынастардың жұмыс істеуіне қолайлы ортаны қалыптастыру
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 157
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-119-129Кілт сөздер:
outsourcing, agricultural outsourcing, outsourcing relations, outsourcing concept, regional agro-industrial complex, outsourcing model of managementАңдатпа
Мақалада бизнесті ұйымдастырудың аутсорсингтік моделін пайдалану негізінде
агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының тиімділігін арттыру мәселелері зерттеледі;
агроөнеркәсіптік кешенде аутсорсингтік қатынастарды дамыту жайлы тұжырымдама ұсынылды;
аграрлық сектордағы бәсекелестікті дамыту жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдардың
жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін басқарудың осы нысанының артықшылықтары зерттелді.
Заманауи жағдайларда аутсорсинг еңбек бөлінісінде күрделі құрылымдық және қызметтік
өзгерістерді талап ететін ең табысты бизнес үлгілерінің бірі ретінде қарастырылады, бұл
өз кезегінде ауыл шаруашылығы аутсорсингінің табысты дамуына ықпал етеді. Салалық
бәсекелестікті қалыптастыру және дамыту шеңберінде аутсорсингтік үдерістердің аймақтық
бағытын зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді.
Зерттеудің мақсаты – ауыл шаруашылығында аутсорсинг тұжырымдамасын
қалыптастырудың тәжірибелік тәсілдерін әзірлеу және аймақтық агроөнеркәсіп кешенін
басқарудағы аутсорсингті жүзеге асырудың ұйымдық-экономикалық тетіктерін негіздеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы аутсорсингтік қатынастардың ұтымды әдістерін қолдану
арқылы аймақтық агроөнеркәсіп кешенінің қызмет етуінің тиімділігін арттыру және басқару
тетіктерін жетілдіру мәселелерін шешуде жатыр.
Зерттеу әдістемесі диалектиканың қағидаттары мен заңдылықтарына, агроөнеркәсіптік
кешендегі аутсорсингтік үдерістерді зерттеу тәсілінің жүйелілігі мен кешенділігіне негізделген.
Зерттеудің жұмыс жоралымы агроөнеркәсіптік кешендегі бәсекелестіктің күшеюі
жағдайында аутсорсингтік бизнес үлгісінің өзектілігі мен сұранысқа ие болуы туралы авторлық
идеялар жүйесіне негізделген.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.