Аграрлық секторды қаржылық қолдаудың шетелдік және отандық тәжірибесі


Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 124

Авторлар

  • Д. Махметова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Э. Тлесова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-7057-0461
  • Е. Молдакенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0003-4753-2672

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-171-190

Кілт сөздер:

аграрлық сектор, субсидиялар, инвестициялар, мемлекеттік қолдау, несиелеу, ауыл шаруашылығы, реттеу, қаржыландыру, баға, қаржы саясаты, мемлекеттік бағдарлама, экономикалық құралдар

Аңдатпа

 Жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында аграрлық секторды жедел дамытуға басымдық беріледі. Жақын арада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу әртараптандырудың негізгі көзі және экономикалық өсудің драйвері болуға тиіс. Осыдан экономиканың осы саласын мүмкіндігінше тұрақты қолдау және қаржыландыру міндеті туындайды. Сондықтан ғылыми мақаланың мақсаты шет елдердің аграрлық секторын қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын зерделеу және ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің отандық тәжірибесін жүйелеу болып табылады. Бұл зерттеу барысында статистикалық және салыстырмалы талдау, жалпылау, жүйелік тәсіл, логикалық, синтетикалық әдіс қолданылды. Осы зерттеу нәтижесінде табысы жоғары, орташа және төмен елдердің аграрлық секторын қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары айқындалды: ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтық бағаларын белгілеу және реттеу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін қамтамасыз ету; басым бағыттар бойынша нысаналы пайдалану үшін түрлі субсидиялар; түрлі өтемақы төлемдері; көлемі егіс алқаптарының мөлшеріне байланысты қаржы қаражатын төлеу. Отандық аграрлық секторды қаржыландыру ерекшеліктерін талдау осы саладағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау АӨК субъектілері үшін жеңілдікті салық салуды енгізу, субсидиялар беру, жеңілдікті кредиттеумен қамтамасыз ету және т.б. жолымен жүзеге асырылатынын анықтады. Талдау нәтижелері бойынша осы салада бар проблемалар айқындалды, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау жүйесі алдын ала белгіленген нақты нәтижелерді көздемейтіні және одан әрі пысықтауды талап ететіні көрсетілді. Қорытынды ретінде мыналарды атап өтуге болады: қаржылық қолдаудың шетелдік тәжірибесіне жүргізілген талдау ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы мемлекеттің белсенді рөлін көрсетеді. Салық және несие саясатын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығына қолдау көрсету саласындағы шет елдердің тәжірибесін пайдалану мүмкін деп санаймыз.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Махметова, Д., Тлесова, Э., & Молдакенова, Е. (2024). Аграрлық секторды қаржылық қолдаудың шетелдік және отандық тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 171–190. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-171-190

Журналдың саны

Бөлім

Статьи