Қазақстандағы банктердің қаржылық қызметтерін цифрландыру: тенденциялар мен даму перспективалары
Қаралымдар: 476 / PDF жүктеулері: 504
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-328-340Кілт сөздер:
коммерциялық банктер, банкті цифрландыру, мобильді банкинг, Open API, Open Banking, цифрлы қызметтерАңдатпа
Мақала Қазақстан қаржы нарығын цифрландыру, қаржылық институт ретінде коммерциялық банктердің қызметтерінде цифрлық технологиялардың қолданылу тенденциялары мен даму мәселелеріне арналған. FinTech индустриясының дамуына байланысты «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде банктердің цифрлық қызметтерінің аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар баяндалған. Банк жүйесін цифрландыру бойынша Отандық және шетел әдебиеттеріне шолу жасала отырып, банк қызметін цифрландыру бойынша теориялық ақпараттар келтірілген. Мобильді банкингті дамыту бойынша ұлттық есептер мен жаһандық деректерге сүйене отырып, салыстырмалы және статистикалық талдау әдістерімен зерттеу жүргізілген. Open API, Open Banking әзірлеу тұжырымдамалары негізінде Қазақстанның коммерциялық банктерінің Заманауи технологиялық өзгерістерге бетбұрыстары мен олардың банк қызметінде жүзеге асырылу жағдайы қарастырылған. Интернет пен мобильді банкингте қаржылық ақпараттық технологиялар нарығының даму тенденциясы анықтала отырып, Open API технологиясын отандық банктердің қызметінде енгізу тәжірибесі мен болашағы келтірілген. ҚР коммерциялық банктері: ЦентрКредит банк, Халық Банкі, Kaspi Bank, ForteBank және Jusan Bank, Freedom Finance Bank сияқты отандық банктердің деректерін талдау барысында олардың қазіргі жағдайы мен цифрлық технологиялардың қолданылу мүмкіндіктері, даму перспективасы баяндалған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Т. Жумадилова, Г. Касенова, Г. Супугалиева
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.