Коучинг қызметкерлердің уәждемесі мен тиімділігін арттыру құралдарының бірі ретінде


Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 97

Авторлар

  • Б. Буралкиева 1Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы
  • С. Дырка 2Катовице қаласы В. Корфанто атындағы жоғарғы Силезия экономикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-291-299

Кілт сөздер:

уәждеме, монетарлық емес уәждеме, коучинг, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілер, жеке жауапкершілік, мемлекеттік басқару

Аңдатпа

Мақала басқарудағы инновациялық тәсілдерді, атап айтқанда коучингті қызметкерлердің ішкі әлеуетін ашу және қызметкерлердің ішкі уәждемесін арттыру әдісі ретінде зерттеуге арналған.

Әдеби шолу жасаумен қатар, авторлар 2020 және 2022 жылдары жүргізілген терең екі сатылы сұхбаттың нәтижелерін ұсынды. Зерттеуге орталық мемлекеттік органдардың 16 өкілі және өңірлік мемлекеттік органдардың 7 қызметкері, оның ішінде персонал бойынша менеджерлер мен әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты (олардың функцияларына персоналмен жұмыс, оның ішінде жанжалды жағдайларды шешу және халықпен өзара іс-қимыл саласындағы жұмыс кіреді).

Зерттеудің негізгі мақсаты өз жұмысында коучинг элементтерін қолданудың жанжал жағдайларының санын азайтуға әсерін зерттеу болды.

Сұхбат нәтижелері негізінде Вальд-Вольфовиц серияларының критерийі бар статистикалық модель құрылды, ол коучинг технологияларын қолдану ішкі уәждемені, басшылар мен қызметкерлердің жеке жауапкершілігін, ұйым ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің және тұтастай алғанда мемлекеттік органды жауапкершілігін дамыту арқылы жанжалдарды азайтуға әсер ететінін көрсетті.

Коучинг элементтерін өз жұмысында қолдану нәтижесінде қызметкерлер жұмысынының тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, авторлар Қазақстанның мемлекеттік қызметінде осы салада жүргізілген зерттеулердің іріктелуіне және шектеулі санына байланысты бірқатар шектеулер келтіреді. Осылайша авторлар осы саладағы зерттеулерді жалғастыруды ұсынылады.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Буралкиева B., & Дырка S. . (2023). Коучинг қызметкерлердің уәждемесі мен тиімділігін арттыру құралдарының бірі ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 291–299. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-291-299

Журналдың саны

Бөлім

Статьи