Фриланс есебінен IT-қызметтерінің экспортын дамыту мүмкіндіктері
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 237
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-26-38Кілт сөздер:
IT қызметтерінің экспорты; фриланс; фриланс қызметтер нарығы; ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласы; фриланс биржалары; коворкинг орталығыАңдатпа
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының қарқынды дамуы фрилансерлерге халықаралық нарықтарда салыстырмалы түрде жоғары бағамен IT қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл даму IT қызметтері мен өнімдерін экспорттауға қолайлы жағдай жасайды. Мақаланың мақсаты - IT қызметтерінің экспортының өсуі мен фрилансерлердің саны арасындағы байланысты анықтау, өйткені әлемдегі барлық фрилансерлердің 70%-дан астамы IT-мен айналысады. Жүргізілген зерттеулер көптеген әртүрлі құралдар мен әдістерді қолдануға негізделген: сипаттамалық, жүйелік-аналитикалық және статистикалық әдістер. Мақалада ІТ-қызметтердің өсуіне әсер ететін негізгі көрсеткіштер зерттеліп, талданған. Зерттеу барысында Қазақстанда IT-қызметтердің экспортының серпінді дамуын тежейтін факторлары анықталды, ол мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан өзекті болып қалып отырған IT мамандарының жетіспеушілігі мәселесі; ірі орыс тілді фрилансер биржаланың жоқтығы, сондай-ақ елдегі коворкинг орталықтарының аздығы.
Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар фриланс есебінен ІТ қызметтері экспортын белсенді дамытуға жәрдемдесу бойынша шаралар кешенін ұсынды.