Алматы облысының туристік дестинация активтерін анықтау


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 223

Авторлар

  • P. Ағыбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж. Тұрғамбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-296-305

Аңдатпа

Мақала зерттеуі көптеген мемлекеттердің ұлттық брендинг және брендинг әдістеріне жүгінуіне байланысты, ол маңызды құбылыстың бірі ретінде қарастырылып, ғылыми, мемлекеттік, әсіресе практикалық танымалдылыққа ие болғанынан бастау алады. Әлемдік туристік аренада бәсекеге қабілеттіліктің нышаны ретінде танымал дестинация брендінің болуы қажеттілігі туындады.

Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстанның қайталанбас, бірегей, тарихи-мәдени, археологиялық және табиғи ресурстары тартымды туристік бағыт болуға мүмкіндік береді. Зерттеулер Қазақстанда 100 ден аса потенциалды «туристік магниттер» мен «туризмнің өсу орындары» бар екенін көрсетті. Десек те, табиғи ресурстардың мол қоры бар қазақстандық туризм, елдің туристік келбетін жеткілікті деңгейде қалыптастыра алмай келеді. Осы ретте, оңтайлы туристік имиджді қалыптастыру, дамушы туристік дестинация ретіндегі Алматы облысының туризм саласындағы алға қойған басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сәйкесінше, мақала зерттеуі дамушы туристік дестинация ретіндегі зерттеу объектісі болып табылатын Алматы облысының туристік активтерін анықтауды мақсат етеді.

Зерттеу мақсатына жету үшін, туристік дестинация ретіндегі Алматы облысының туризмі бойынша эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Алматы облысының туризмі туралы ақпарат иелерінен терең сұхбат алынды, сұхбат мағлұматтары кілт сөздерді анықтау арқылы өңделді және нәтижелеріне байланысты талқылаулар жасалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ағыбетова, Р., & Тұрғамбекова, Ж. (2023). Алматы облысының туристік дестинация активтерін анықтау . Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 296–305. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-296-305

Журналдың саны

Бөлім

Статьи