Қазақстандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін банктік несиелеудің қолжетімділігі: әсер етуші факторлардың өзара байланысын бағалау
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 115
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-236-248Кілт сөздер:
экономиканы несиелендіру, экономикалық-математикалық модель, несиелеу шарттары, несиелік ресурстарға сұраныс, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелеріАңдатпа
Қазіргі уақытта қаржы-несие секторының несиелік мүмкіндіктері экономика субъектілерінің толыққанды дамуын қамтамасыз етуде, өндірісті жаңғырту мен әртараптандыруда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруда стратегиялық маңызды болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында қаржы-несие секторын дамыту стратегиялары әзірленеді, Екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметін реттеу мен ынталандырудың қазіргі заманғы тетіктері пайдаланылады. Сонымен қатар, макроэкономикалық және геосаяси факторлардың теріс әсеріне, оның ішінде іскерлік белсенділіктің төмендеуіне, Қазақстанның ірі кәсіпорындарының сыртқы қарыз алуларға және басқаларына тәуелділігіне байланысты банктердің экономиканы қаржыландыруға қатысуын кеңейту бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізбеу байқалады. Мақалада несиелік ресурстарға қол жетімділіктің шектеулі болуы экономикалық субъектілерге, соның ішінде шағын және орта бизнеске үлкен кедергі болып табылады. Несиелік ұйымдар мен экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесу процесін жақсарту үшін осы саладағы мәселелерді кешенді шешу қажет. Экономиканың нақты секторы үшін несиелердің қолжетімділігін арттыру цифрлық технологияларды, соның ішінде шешімдер қабылдау және несиелеу шарттарын қалыптастыру кезінде үлкен деректер мен жасанды интеллект талдауларын қолдану арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Г. Калкабаева, А. Курманалина, Ю. Сайфуллина
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.