Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін басқаруға азаматтардың қатысуын талдау
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 104
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-186-195Кілт сөздер:
бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, азаматтар, кірістер, шығыстар, трансферттерАңдатпа
Азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін басқаруға тарту олардың осы процеске қатысуының нақты тетігінің болмауына байланысты ашық мәселе болып қала береді, бірақ онсыз мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру бойынша реформалар жүргізу мүмкін емес.
Бұл зерттеудің мақсаты негізгі проблемаларды анықтау және ауылдық аумақтардың бюджеті есебінен азаматтарды өзін-өзі басқару процесіне тарту құралдарын анықтау болып табылады.
Мақалада екі негізгі өлшемді қолдана отырып, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін басқаруға қатысу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік сауалнама нәтижелері келтірілген: азаматтардың қатысуын бағалау және азаматтардың төртінші деңгейдегі бюджетті басқаруға тартылуын бағалау.
Күтілетін нәтижелердің жаңалығы мемлекеттік органдардың клиентке бағдарлануын арттыруға және қоғамдық ұйымдардың да, жекелеген азаматтардың да қызметін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік органның халықпен өзара іс-қимыл тетігінің икемділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуден тұрады. Бұл мемлекеттік органдар басшыларының халықпен, бизнеспен және қоғамдық бірлестіктермен кездесулерін өткізу кезінде формализмді жою қажет екендігіне байланысты
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Р. Исмаилова, A. Калымбетова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.