Эмпирический анализ влияния внешней торговли на экономический рост в Казахстане
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 79
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-159-170Кілт сөздер:
сыртқы сауда, экспорт, импорт, экономикалық өсу, халықаралық экономика, Қазақстан, коинтеграциялық талдауАңдатпа
Әлемдегі соңғы орын алған КОВИД-19 пандемиясынан кейінгі мемлекеттер экономикасын қайта қалпына келтіруге үлкен күш салуда. 2019-2021 жылдар арасында сыртқы сауданың елдер арасында ауытқулар көлемі орын алды. Жалпы алғанда, еліміздің экономикасының өсуіне сыртқы сауда оң ықпал етеді. Осы негізде сыртқы сауданың көлемін ұлғайтуда, мемлекеттер өз саясаттарын сауатты жүргізуге тырысады. Сыртқы сауда мен экономикалық өсу арасындағы байланыс халықаралық экономиканың пайда болуынан басталады. Сыртқы сауда экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Елдер бір-бірімен экономикалық қарым-қатынаста болу үшін олар экспорттық потенциалын арттыра отырып, валюта ағынын қамтамасыз ететін қызметпен айналысуы керек. Сыртқы сауданың негізгі міндеттері экономикалық өсу мен дамуды қамтамасыз ету және өсуді жеделдету болып табылады. Экономикадағы зерттеулер сыртқы сауданың ұлттық экономикалардың өсуіне оң және теріс әсер ететінін көрсетеді. Бұл зерттеуде Қазақстанның экономикалық өсімі мен сыртқы сауда арасындағы байланыс 1995-2022 жылдар аралығындағы деректермен талданды. Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көрсеткіштерін саралай келе, болашақта экономиканың қай саласына басым бағыттарының әлеуеті бар екендігі сараланды. Еліміздің Кеңес үкіметі басқарған жоспарлы экономикадан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық сауда көлеміне, оның жалпы ахуалына талдау жасалды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 A. Сыздықова, Г. Азретбергенова, Ж. Жетибаев
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.