Қазақстан Республикасының органикалық ауыл шаруашылығы өнімдер нарығын дамытудың аймақтық аспектілері


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 108

Авторлар

  • Г. Орынбекова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Р. Карабасов С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • А. Мухаметов Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-30-49

Кілт сөздер:

органикалық, органикалық өндіріс, органикалық ауыл шаруашылығы, органикалық өнім, аймақ, ауыл шаруашылығы.

Аңдатпа

Нарықтық экономиканы дамытудың қазіргі экономикалық парадигмасы, оның құрамдас бөліктерінің бірі органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің, сатудың және тұтынудың әдіснамалық ережелері, теориялық тұжырымдамалар мен азық-түлік нарығының қолданыстағы тәжірибесіне негізделген, қазіргі қоғамның өзіндік  «мәдени бірегейлігінің белгісі» болып табылады. Қазіргі әлемде көптеген адамдар салауатты өмір салтын ұстанғысы келеді және экологиялық таза, органикалық тағамдарды тұтұнғысы келеді. Органикалық өнімдер халықтың көптеген топтарында сұранысқа ие бола бастады, осыған байланысты дәстүрлі азық-түлік нарығының жаңа сегменті - органикалық ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығы пайда болды және белсенді дамуда.

Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың және жүргізудің екі негізгі әдісі бар: органикалық, табиғаттың табиғи ресурстарын пайдалануға негізделген және химиялық. Ауыл шаруашылық өндірісінде бейорганикалық ресурстардың көпшілігін пайдалану қоршаған ортаға, ал өндірілген өнімдер арқылы адам денсаулығына теріс әсер етеді. Бұл факт соңғы төрт-бес онжылдықта органикалық ауыл шаруашылығының қайта жандануының басталуына себеп болды.

Органикалық ауыл шаруашылығы  өнімдерінің органикалық азық-түлік нарығын ұйымдастыру мәселесі қазіргі Қазақстан үшін өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайдың себептері: халық тұтынатын азық-түлік сапасының қолайсыздығы; қоршаған ортаның ластануы; ауыл шаруашылығында органикалық технологияларды әзірлеу мен қолданудың жеткіліксіздігі; қайта өңделетін өнімдердің құрамына зиянды қоспаларды енгізу болып табылады. Елдегі аймақтарда қолда бар ресурстық және ғылыми әлеуеттер бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие экологиялық таза азық-түлікті ірі көлемде өндіру және өткізу үшін мүмкіндіктер туғызады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орынбекова, Г., Карабасов, Р., & Мухаметов, А. (2024). Қазақстан Республикасының органикалық ауыл шаруашылығы өнімдер нарығын дамытудың аймақтық аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 30–49. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-30-49

Журналдың саны

Бөлім

Статьи