Қаржылық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде кәсіпорын капиталын талдау


Қаралымдар: 170 / PDF жүктеулері: 425

Авторлар

  • Б. Кишибаева Алматы Менеджмент Университеті
  • Г. Жаксыбекова Алматы Менеджмент Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-313-327

Кілт сөздер:

меншікті капитал, қаржылық тұрақтылық, капитал құрылымы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер

Аңдатпа

Қазіргі кезде капитал құрылымы – кәсіпорынның қаржылық жағдайына,  оның ұзақ мерзімді төлем қабілеттілігіне, пайдасына, қаржылық тұрақтылығына тікелей әсер ететін фактор болып табылады. Кәсіпорынның тиімділік деңгейі негізінен капиталдың көлемі мен құрылымын мақсатты түрде қалыптастырумен анықталады. Олардың көмегімен кәсіпорынның даму стратегиясы мен тактикасы әзірленіп, олардың негізінде басқару жоспарлары мен шешімдері құрылады. Мақалада абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалана отырып, «Каспий нефть» АҚ көміртегі шикізатын өндіру және сату бойынша еліміздегі ең ірі кәсіпорынның меншікті капиталын талдау тәсілі ұсынылған.

Зерттеудің негізгі мақсаты — меншікті капиталдың құрылымын және оның корреляциялық тәуелділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру және бағалау көздеріне талдау жүргізілді. Жалпы, корреляциялық талдау арқылы меншікті капиталдың кәсіпорын активтеріне ең күшті тәуелділігі анықталған. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бірқатар қаржылық коэффициенттермен сипатталған. Талдау барысында  кәсіпорынның 2019-2021 жылдарға арналған қаржылық тұрақтылық деңгейіне баға берілген.

Зерттеудің өзектілігі нарықтық жағдайдағы меншікті капиталдың сапасын жүйелі түрде бағалау қажеттілігімен және субъектілерінің өмір сүруінің қажеттілігімен түсіндіріледі.

Зерттеудің негізгі міндеттері: ұйымның меншікті капиталын талдаудың мәні мен қажеттілігін зерттеу, меншікті қаржыландыру көздерінің динамикасы мен құрылымын бағалау

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кишибаева, Б., & Жаксыбекова, Г. (2023). Қаржылық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде кәсіпорын капиталын талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 313–327. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-313-327

Журналдың саны

Бөлім

Статьи