Қазақстан бюджетінің кіріс бөлімін қалыптастырудағы өзекті мәселелер


Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 80

Авторлар

  • М.С. Нурмаганбетова

Кілт сөздер:

бюджет, салық саясаты, салық жүйесі, салықтық түсімдер, салықтық амни- стия, біріңғай жинақталған төлем, трансферт.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға байланы-
сты мәселелер талқыланған. Мемлекеттiк ресурстарды жұмылдыру мен мемлекеттiк ресурстарды
жұмсаудың негiзгi құралы бола отырып, мемлекеттiк бюджет экономикаға әсер ету, басым сектор-
ларды қаржыландыру, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру, халықтың аз
қамтылған бөлiгiне әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн нақты мүмкiндiк бередi. Бюджетке түсетін кірі-
стердің жиынтығы, олардың жұмылдыру формалары мен әдістері мемлекеттік бюджетке түсетін
түсімдер жүйесін құрайды. Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамында салық түсімінің рөлі
мен маңызы өте үлкен, өйткені барлық кірістердің 70-80% осы кірістерге тиесілі. 2018 жылы Қа-
зақстан Республикасының бюджетіне салық төлемдерінің түсуі талданған. 2019 жылы Қазақстанда
бірыңғай жинақталған төлемді енгізудің негізгі ұстанымдарын анықтап, шағын және орта бизнеске
салықтық амнистия жүргізудің негізгі сәттері анықталған. Салық жүйесінің ынталандырушы рөлі
бюджетке түсетін кірістердің ұлғаюына алып келетіні көрсетілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурмаганбетова M. (2023). Қазақстан бюджетінің кіріс бөлімін қалыптастырудағы өзекті мәселелер. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 86–91. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/76

Журналдың саны

Бөлім

Статьи