Ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 156

Авторлар

  • Р. Сабирова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • Г. Андабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • А. Әлібекова Қызылорда ашық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-111-123

Кілт сөздер:

ауыл шаруашылығы, өндірістік жарақаттану, тәуекел, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсізідігі, кәсіби ауру, жазатайым оқиға

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығында жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын, еңбек қауіпсіздігін сақтау олардың ауыр жарақаттану тәуекелін төмендетіп, ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Өндірісте, соның ішінде ауыл шаруашылығында өндірістік жарақаттану  ауыл халқының денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіреді, мезгілсіз өлімге дейін апарады.

Мақаланың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын жұмыскерлердің өндірістік жарақат алу себептерін қарастыру, ауыл шаруашылығындағы жазатайым оқиғалар бойынша статистикалық мәліметтерді талдау, оның алдын алу жөнінде ұсыныстар беру.

Ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиға жөніндегі статистикалық мәліметтерге талдау жасалынды, әдебиеттерге шолу жасау арқылы отандық және шетелдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізілді. Контент талдау негізінде  ауыл шаруашылығындағы жазатайым оқиғалар мен жарақаттануға әкелетін қауіпті өндірістік факторлар кеңінен қарастырылды.

Зерттеудің арқасында ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттанудың себептері мен жазатайым оқиғаға әкелетін факторлар анықталып, олардың алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар берілді.

Шетелдік тәжірибе бойынша ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану бойынша жүргізілген зерттеулер қарастырылды. Тиісті уақыт кезеңіндегі өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін талдай отырып, олардың экономикалық қызмет түрлеріндегі, экономиканың әртүрлі салаларындағы және жалпы мемлекеттегі динамикасы туралы қорытынды жасауға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сабирова, Р., Андабаева, Г., & Әлібекова, А. (2023). Ауыл шаруашылығындағы өндірістік жарақаттану. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 111–123. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-111-123

Журналдың саны

Бөлім

Статьи