Ақтөбе облысы өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығын аумақтық саралау


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 41

Авторлар

  • Э. Имашев М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
  • Б. Утебалиева М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-57-79

Кілт сөздер:

инвестициялар, инвестициялық әлеует, инвестициялық тартымдылық, индустриялық даму, өнеркәсіп, аумақтық айырмашылықтар, факторлар.

Аңдатпа

Қазақстан өңірлерінің индустриялық дамуында және ұзақ мерзімді келешекте тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіпті аумақтық-салалық трансформация және жаңғырту трендтерін айқындайтын инвестициялар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және өнеркәсіптік өндірісті ұлғайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Дамудың әртүрлі факторларының ықпалымен Қазақстан өңірлері өнеркәсіпке инвестициялар тартуда аумақтық-салалық сараланумен сипатталады.

Жұмыстың мақсаты Ақтөбе облысы инвестициялық әлеуетті дамытудың негізгі факторларын аумақтық-салалық талдау, өнеркәсіптің инвестициялық тартымдылығындағы аумақтық айырмашылықтарды айқындау және экономикасының индустриялық секторына инвестициялар көлемін ұлғайту үшін басым аумақтар мен салаларды анықтау болып табылады.

Мақалада негізгі факторларды талдау нәтижелері және олардың Ақтөбе облысы өнеркәсіп салаларының инвестициялық тартымдылығын аумақтық саралау дәрежесіне әсері көрсетілген. Әкімшілік аудандар деңгейінде өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестицияларды бөлудің аумақтық ерекшеліктері анықталды. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың және 2021-2025 жылдарға арналған Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының басымдықтарын ескере отырып, Ақтөбе облысы экономикасының индустриялық секторына инвестициялар тартудың басым бағыттары айқындалды.

Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін Қазақстанның мемлекеттік салалық министрліктері мен Ақтөбе облысының жергілікті мемлекеттік атқарушы органдары қаралып жатқан өңірдің өнеркәсібін аумақтық-салалық дамыту жоспарларын және/немесе бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Имашев, Э., & Утебалиева, Б. (2024). Ақтөбе облысы өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығын аумақтық саралау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 57–79. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-57-79

Журналдың саны

Бөлім

Статьи