АӨК экономикасының тұрақты даму факторы ретінде өсімдік шаруашылығын әртараптандыру


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 105

Авторлар

  • Н. Нурмухаметов С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • А. Темирова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Ж. Кенжин Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-124-139

Кілт сөздер:

Кілт сөздер: әртараптандыру, өсімдік шаруашылығы, АӨК, ауыл шаруашылығының монокультурасы, ауыл шаруашылығы өндірушілері, айналмалы экономика

Аңдатпа

Бұл мақалада ауылшаруашылығы өндірушілері қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ететін ауылшаруашылық дақылдарын өндіру процесіне әсер ететін механизм ретінде АӨК өсімдік шаруашылығын әртараптандыру ерекшеліктерін анықтаудың заманауи тәсілдері зерттеледі. Ғылымизерттеуде АӨК ауылшаруашылығы дақылдарының (өсімдік шаруашылығының) негізгі түрлері бойынша статистикалық деректерге талдау жүргізілді, олар авторлардың пікірінше, АӨК-нің маңызды шағын салаларының бірі ретінде өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ететін бүгінгі жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. Экономикалық талдау үшін 1990 жылдан 2023 жылға дейінгі республиканың егіс алаңындағы бидай, майлы және жемшөп дақылдарының үлесі сияқты ауылшаруашылығындағы монокультуралар көрсеткіштерінің динамикалық өзгерістері және АӨК өсімдік шаруашылығының орнықты дамуына қандай да бір факторлардың әсерін бағалауға мүмкіндік беретін басқа да статистикалық деректер зерттелді. Агроклиматтық аудандастыруды ескере отырып, Ақмола облысының ауылшаруашылығы дақылдарының рентабельділігі анықталды.

Қазіргі уақытта АӨК-де өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру қажеттілігі цифрландыру, үнемді технологияларды жүргізу сияқты сыртқы факторлардан, сондай-ақ ауылшаруашылығы өндірушілерінің өндіріс процесінің тұрақтылығына әсер ететін климаттық жағдайлардан туындайды. АӨК шағын саласы ретінде өсімдік шаруашылығының ерекшеліктерін ескере отырып, авторлар Қазақстанда бидай монокультурасының себептерін және өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың болмауын анықтады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурмухаметов, Н., Темирова, А., & Кенжин, Ж. (2023). АӨК экономикасының тұрақты даму факторы ретінде өсімдік шаруашылығын әртараптандыру. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 124–139. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-124-139

Журналдың саны

Бөлім

Статьи