Дүниежүзілік қаржы жүйесінің трансформациясы жағдайында Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық дамуын қаржылық қолдау мәселелері мен келешегі


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 98

Авторлар

  • А. Оңдаш Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • М. Нурғабылов Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
  • А. Хамзаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-191-209

Кілт сөздер:

экономика, инновация, қаржыландыру, бюджет, үлгі, алгоритм, ынталандыру.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты экономикалық-математикалық модельдеу әдістемесін пайдалану негізінде жаһандық қаржы жүйелерін трансформациялау жағдайында Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын қаржылық қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективаларын анықтау болып табылады. Әдістемесі. Мақалада қойылған мақсатқа қол жеткізуде Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қаржыландыру проблемаларын анықтау үшін статистикалық деректерді зерделеу әдісі пайдаланылды. Авторлар Қазақстанның ұлттық экономикасы инновациялық дамуын қаржыландыру моделінің параметрлік негіздерін қалыптастыру кезеңінде қаржыландыру процесін жіктеу және құрылымдау әдісін пайдаланды; сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық экономикасының инновациялық дамуын қаржылық қамтамасыз ету процесін модельдеу алгоритмін әзірлеу процесінде алгоритмдеу әдісі қолданылды. Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы. Зерттеу жаһандық қаржы жүйесінің трансформациясында Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын қаржылық қамтамасыз ету проблемасын авторлық әзірлеулердің нәтижесі болып табылады. Мақалада келтірілген барлық принциптік ережелер мен ұсыныстар зерттеу авторларына тиесілі әрі көшіру болып табылмайды, бұған мақалада плагиат элементтерінің жоқтығы дәлел. Зерттеудің құндылығы: авторлар осы процестің тиімділігін анықтайтын параметрлердің өзгергіштігін ескеріп, Қазақстан экономикасының инновациялық дамуын қаржыландыру процесін модельдеуге тиісті әдістемелік тәсілді ұсынды. Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстан республикасының инновациялық дамуын қаржыландыру бойынша негізгі жүктеме мемлекеттік бюджетке міндеттелетіні анықталды. Ағымдағы экономикалық ахуал негізінен энергоресурстар нарығындағы жағдай бюджеттің мұнай түсімдеріне тиесілі жоғары кірісі бюджет шығыстарын толық көлемде өтейтінін ескере отырып, мемлекеттік қаржы есебінен инновацияларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Нәтижесінде бюджет шығысы мен кірісінің жалпы сальдосы ел үшін оң болып табылады және Қазақстанның инновациялық экономикасын қаржыландыруда мемлекеттік бюджетті ұлғайтудың алғышарты бола алады.

Алынған нәтижелерді талқылау кезінде ұлттық экономиканың инновациялық дамуын қаржыландыру моделінің параметрлік негіздерін, Сондай-ақ Қазақстанның ұлттық экономикасының инновациялық дамуын қаржылық қамтамасыз ету процесін модельдеу алгоритмі ұсынылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оңдаш A., Нурғабылов, М., & Хамзаева A. (2024). Дүниежүзілік қаржы жүйесінің трансформациясы жағдайында Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық дамуын қаржылық қолдау мәселелері мен келешегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 191–209. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-191-209

Журналдың саны

Бөлім

Статьи