Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын бюджеттік қолдау нысандары
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-233-251Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, бюджеттік қолдау, субсидия, агроқұрылымдар, ауыл шаруашылығын қаржыландыру, бюджеттік қолдау нысандарыАңдатпа
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші маңызды сала бола отырып, ауыл шаруашылығы жоғары өнімді және бәсекеқабілетті болуы үшін мемлекеттік реттеу пен қаржылық қолдауды қажет етеді. Қолдаудың бюджеттік нысандарын пайдаланудың мақсаты саланы дамытуды ынталандыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады. Бұл мақалада ауыл шаруашылығын бюджеттік қолдау нысандары қарастырылып, олардың ағымдағы жағдайына талдау жасалынып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.
Бюджеттік қолдау нысандары бойынша отандық және шетелдік авторлардың көзқарасы, еліміздегі қолданыстағы бюджеттік қолдау нысандары баяндалады. Ресми статистикалық мәліметтер негізінде ауыл шаруашылығы өнімінің динамикасы, Қазақстанның және Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі салыстырмалы түрде қарастырылып, еліміздің ауылшаруашылығына бюджеттен бөлінген қаржылардың динамикасы, субсидиялардың көлемі мен құрылымы және оның ауыл шаруашылығын дамытуға әсері бағаланады. Негізгі шешуді қажет ететін мәселелер қатарына бюджет қаражаттарының барлық тауарөндірушілерге бірдей қолжетімділігі мен берілген қаражаттар негізіндегі нәтижелілік көрсеткіштері жатқызылады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бюджет тарапынан қолдау көрсету, қолдаудың бірқатар құралдарын қатар қолдану саланың экономикадағы үлесінің артуына мүмкіндік береді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Райхан Сарбасова, Алданыш Нурумов, Гульмира Есенова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.