Цифрлық медициналық қызметтерді бағалау үшін нейромаркетингтік зерттеулерді қолдану
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 47
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-312-326Кілт сөздер:
нейромаркетингтік зерттеулер, цифрлық қызмет көрсету, инновациялар, медициналық қызметтер, сапаАңдатпа
Зерттеудің инновациялық әдістерінің дамуы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін, соның ішінде цифрлық түрлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Медицинадағы цифрлық қызмет көрсетудің сапасы мен даму деңгейін бағалау және олардың пациенттердің күтулеріне сәйкестігі медициналық мекемелердің имидждік құрамдас бөлігі үшін маңызды аспект болып табылады. Цифрлық қызмет көрсетуді бағалау құралдарының бірі болып нейромаркетинг табылады.
Зерттеу мақсаты – медициналық мекемелердің цифрлық қызмет көрсетуін бағалау үшін нейромаркетингтік зерттеулерді қолдану мүмкіндіктерін, келешегін және тәсілдерін анықтау.
Шетелдік және отандық авторлардың теориялық дереккөздерін талдау. Кабинеттік және далалық зерттеулер пайдаланылды. Кабинеттік зерттеулер дереккөздердің екінші реттік ақпаратын талдау түрінде, негізінен теориялық дереккөздер бойынша жүргізілді. Далалық зерттеулер сараптамалық бағалау нысанында жүргізілді.
Салыстырмалы талдау классикалық маркетингтік әдістермен салыстырғанда нейромаркетингтік зерттеулердің бірқатар артықшылықтары бар екенін көрсетті, мысалы, цифрлық қызмет көрсетуді сынау кезінде тұтынушылардың жанама реакциясын және эмоционалды хабарды анықтау мүмкіндігі. Сондай-ақ цифрлық медицина бағыттары бойынша нейромаркетингтік зерттеулерді пайдалану әлеуетіне ерекше назар аударылады. Бұл ретте талдау негізінде әрбір цифрлық қызмет көрсету үшін нейромаркетингтік зерттеулердің қандай әдістерін тиімді пайдалану керектігі және қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы айқындалды.
Зерттеу барысында медициналық мекемелердің нейромаркетинг арқылы цифрлық қызмет көрсетуді бағалау бағыттары анықталды, олар платформаларды қалай жақсартуға болатынын және қандай түзетулер енгізуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету саласында нейромаркетингтік зерттеулерді қолдану мүмкіндіктері бойынша жүргізілген сараптамалық бағалау негізінде нейромаркетингті қолдану кезінде ішкі факторлардың күшті және әлсіз жақтарын жалпылама талдау болып табылатын IFAS-талдау жүргізілді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Элмайра Оразгалиева, Мадина Смыкова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.