Қазақстанның аймақтарының көші-қондық тартымдылығы


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

  • Ж. Хишауева «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-175-188

Кілт сөздер:

сыртқы көші-қон, ішкі көші-қон, көші-қон, көші-қондық тартымдылық, халық, аймақ, көші-қон сальдосы

Аңдатпа

Мақала Қазақстан халқының сыртқы және ішкі көші-қонын зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты – мигранттар үшін Қазақстанның тартымды аймақтарын анықтау. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы зор, себебі бұл зерттеудің нәтижелері аймақтарды дамытуды стратегиялық жоспарлау кезінде және көші-қон процестерін реттеу бойынша мемлекеттік шараларды әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу әдістемесі салыстырмалы тәсілді, деректерді топтастыру әдісін және көші-қон тартымдылығының жалпы коэффициентін есептеуді қамтыды. Зерттеудің нәтижелері Астана қаласы ғана мигранттар үшін тартымдылығы жоғары қала, ал Алматы облысы мен Алматы, Шымкент қалалары орташа, ал Қазақстанның қалған аймақтары тартымдылығы төмен аймақтар болып табылатынын көрсетті. Қазақстан аймақтарының жалпы көші-қон тартымдылығының коэффициенттері 2020-2024 жылдары тек Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында (2022-жылдан бастап), Маңғыстау облысында 1-ден жоғары екенін көрсетті, бұл осы аймақтардың мигранттар үшін тартымдылығы басқа аймақтарға қарағанда жоғары екенін білдіреді. Жүргізілген зерттеудің құндылығы мен жаңалығы Қазақстан аймақтарын халықтың жалпы көші-қон сальдосы бойынша топтастыру, мигранттар үшін аймақтардың тартымдылығының әлеуметтік-экономикалық факторларын бағалау мемлекеттік органдардың жұмыстарында қолданылуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хишауева, Ж. (2025). Қазақстанның аймақтарының көші-қондық тартымдылығы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 175–188. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-175-188

Журналдың саны

Бөлім

Статьи