«Ұлытау» ұлттық паркінде жергілікті қауымдастықтар негізінде экологиялық туризмді дамытуды модельдеу
Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-404-421Кілт сөздер:
туризмді дамыту, экотуризм, жергілікті қауымдастық, Ұлытау облысы, құрылымдық теңдеулерді модельдеуАңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты «Ұлытау» ұлттық саябағында экологиялық туризмді дамытуда жергілікті қоғамдастықтың қолдауына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Зерттеуде сапалық және сандық әдістерді қамтитын аралас зерттеу тәсілі қолданылды, сол үшін Ұлытау өңірін зерттеуде 2023 жылдыі қараша-желтоқсан айлары аралығында Ұлытау тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Ұсынылған гипотезаларды растау үшін құрылымдық теңдеулерді модельдеуге (SEM) негізделген SMART-PLS статистикалық пакетті қолдану арқылы 389 респонденттің жауаптары талданды. Сонымен қатар, зерттеу деректерін жинау үшін тұрақты туризмге қатысты көзқарастар шкаласы (SUS-TAS) сандық зерттеу әдісі пайдаланылды. Зерттеу өңірдегі экотуризмді дамытуға деген қоғамның көзқарасын түсінуге бағытталған.
Құрылымдық теңдеулерді модельдеу (SEM) зерттеуінің нәтижелері жергілікті қауымдастықтың максималды қатысуын, қабылданатын жеке пайданы, экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуды және қауымдастыққа бағытталған экономиканы құруды аймақтағы экотуризмді дамытуға қолдау көрсетуге тікелей және оң әсер етеді, ал туризмді дамытудың әлеуметтік құнын қабылдау кері әсер етуде. Қоғамдастыққа бағытталған экономиканы құру экотуризмнің тұрақты дамуына қолдау көрсетудің маңызды факторларының біріне айналуда. Жергілікті тұрғындар экотуризмнің дамуына, әсіресе экологиялық тұрақтылыққа, ресурстарды қорғауға және сақтауға қатысты жалпы оң пікірде. Дегенмен, туризмді дамытудың әлеуметтік шығындарына қатысты бір неше қауіптер бар.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 К. Мусина, Д. Сейдуалин, А. Муканов
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.