Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер институты: қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 77
Кілт сөздер:
Қоғамдық кеңестер, мемлекеттік органдар, мемлекеттік саясат, шешім қабылдау, азаматтық қоғам институты, мемлекеттік басқару.Аңдатпа
Осы мақалада Қазақстандағы республикалық және аймақтық қоғамдық кеңестер қызметінің
ағымдағы жағдайына шолу ұсынылып отыр. Мемлекеттік органдардағы қоғамдық кеңестердің қызметі
қарастырылды, осы зерттеу жұмыс аясында қоғамдық кеңестердің қатысуымен өтетін мемлекеттік
басқарудағы шешім қабылдау саласында кейбір өзекті мәселелер көтерілді. Қоғамдық кеңестермен шешімді
қабылдаудағы халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, қоғамдық кеңестер қабылдаған
шешімдердің екі түрлі болатындығы анықталды. Мемлекеттік басқару саласы бойынша дамыған елдердің
тәжірибесін зерттеу нәтижесінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік арналарының ойластыру
аясында өкімет органдары мен халық арасындағы сенімнің артуы орын алғандығы айқындалды. Сонымен
қатар, осы зерттеуде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басқару шешімдерін қабылдау
үрдісінде қоғамдық кеңестер қызметін одан әрі дамыту бағыттары ұсынылып отыр.