Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының қазіргі жағдайы
Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 132
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-256-270Кілт сөздер:
инвестициялық тартымдылық, инвестициялық климат, ESG факторлары, есеп, инвестицияАңдатпа
Бұл мақалада қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының дамуы мен соңғы жылдардағы өзгерістерін ескере отырып талданады. Мақаланың мақсаты – заманауи сын-қатерлер мен мүмкіндіктер контекстінде инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары мен жетістіктерін бағалау. Ел экономикасына инвестиция тартуға және қолдауға бағытталған негізгі стратегияларға, шаралар мен реформаларға шолу жасалған. шетелдік және отандық инвесторлар үшін инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар мен Қазақстанның тартымдылығы талданады. Сонымен қатар оны одан әрі дамыту перспективаларын ерекшеленіп көрсете отырып, елдің инвестициялық саясатының қазіргі тенденциялары мен міндеттерін зерттейді. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына оның сыртқы орта жағдайында жұмыс жүргізгентіктен, осы ортаның әсерін ескеру маңызды. Сыртқы ортадан келетін қауіптер макроэкономикалық факторларды бағалау мен тәуекелдерді азайту стратегиясын әзірлеу үшін қажет. Оның сегменттерінің тартымдылығын бағалаудың әдіснамалық принциптеріне негізделген инвестициялық нарықты зерттеу және болжау. Өз кезегінде кәсіпорынның инвестициясының тартымдылығы көп жағдайда ол жұмыс істейтін саланың тартымдылығына байланысты, демек, аймаққа және жалпы ұлттық экономикаға инвестициялардың тартымдылығына әсер етеді. Талдауға әсер ететін бірқатар нақты факторларды анықтай алатын ұйым жұмыс істейтін орта болып табылады, өйткені инвестициялық тартымдылықты талдау және бағалау кезінде осы аспектінің әсерін зерттеуге назар аудару керек.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 М. Петровская
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.