Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту мәселелері


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 138

Авторлар

  • Р.A. Есберген
  • Қ. Аман

Кілт сөздер:

Аграрлық сектор, азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы, ауыл шаруашылық кооперативі, мал шаруашылығы, дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы, агробизнес, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы

Аңдатпа

Берілген мақаланың мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында Ақтөбе облысында
ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін зерттеу болып табылады. Аталмыш мақалада ҚР мен Ақтөбе
облысында ауыл шаруашылығын интенсивті дамытудың мәселелері қарастырылған. ҚР мен Ақтөбе
облысында ауыл шаруашылығын дамытудың қазіргі жағдайы зерттелген, оның дамуындағы негізгі
мәселелер айқындалған. Елдің және облыстың аграрлық экономика секторын дамытуды талдау негізінде
осы саланы дамытудың басымдықты бағыттарын анықтауға тырысқан. Мақаланы жазу барысында ғылыми
зерттеудің талдау және салыстыру әдістері қолданылған. Ғылыми мақаладағы негізгі қорытындылар мен
ұсыныстар ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы», басқа да экономиканың аграрлық секторын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға
негізделген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есберген, Р. ., & Аман, Қ. (2023). Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 8–18. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/91

Журналдың саны

Бөлім

Статьи