Қазақстанның туристік әлеуетін дамытудың мемлекеттік қолдау шаралары


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 65

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-356-366

Кілт сөздер:

Мемлекеттік қолдау, туризм, ақпараттық жүйелер, арнайы экономикалық аймақтар, дестинациялар, әлеуметтік туризм.

Аңдатпа

Туризмді экономиканың қарқынды дамып келе жатқан және жоғары табысты саласына айналдыру үшін туристік саланың әлеуетін мемлекеттік қолдау шаралары қажет. Бұл тиісті институционалдық жағдайларды жасау: саланың жұмыс істеуінің тиімді тетігін құруға негіз болатын заңнамалық нормалар мен басқару құрылымдары.

Зерттеудің мақсаты мен негізгі бағыттары, тиісті институционалдық жағдайларды, заңнамалық нормаларды, басқару құрылымдарын зерделеу және саланың әлеуетін дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын айқындау болып табылады.

Мақалада Қазақстандағы туризмді мемлекеттік қолдау шараларына аналитикалық шолу жасалды. Туризм саласындағы қолданыстағы заңнамаға және Қазақстанда туристік кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі басқа да іс-шараларға талдау жүргізілді. Талдаудың негізгі көзі Қазақстан Республикасындағы туризм саласының қызметін реттейтін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер болды. Зерттеуде сипаттамалық әдіс пен салыстырмалы талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелерін қолдану саласы барлық деңгейдегі туристік сала субъектілерінің қызметі болып табылады. Зерттеу нәтижелері Туризмдегі кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру арқылы Қазақстанның орасан зор туристік әлеуетін пайдалануға көмектеседі. Туризм саласы бизнеспен айналысу үшін тартымды болуы тиіс. Мақалада келтірілген зерттеу нәтижелері туристік саланы дамыту жоспарларын әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін.  Мұның бәрі, өз кезегінде, Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттырады

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бердібекова, А., & Муталиева, Л. (2024). Қазақстанның туристік әлеуетін дамытудың мемлекеттік қолдау шаралары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 356–366. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-356-366

Журналдың саны

Бөлім

Статьи