ГАЖ технологиялары арқылы Ұлытау ұлттық саябағы аумағында туристік маршруттарды карталау
Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-362-385Кілт сөздер:
Ерекше қорғалатын табиғи саябақтар, туристік маршруттар, ГАЖ карта, тарихи – мәдени нысандар, интерактивті технологиялар, ұлттық саябақ, карталауАңдатпа
Мақалада Ұлытау ұлттық саябағының сипаттамасы, оның табиғи ерекшеліктері мен айрықша көрікті орындары қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – ерекше тарихи орындарды инновациялық технологиялар арқылы анықтау негізінде туристік тәжірибені дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасау.
Туристердің күтімдерін ескере отырып, Ұлытаудағы экологиялық және тұрақты туризмнің қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиімдірек туристік маршруттар әзірленді.
ГАЖ әдістемесі шешім қабылдау, талдау және кеңістіктік ақпаратты визуализациялау үшін географиялық деректермен жұмыс істеуге пайдалы және жүйелі тәсілді ұсынады. Экотуризмде ГАЖ карталарын пайдалану бізге анағұрлым оңтайлы және қызықты маршруттарды әзірлеуге, инфрақұрылымды жақсартуға және туристер үшін неғұрлым ақпараттық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ұсынылған зерттеу мемлекеттік және жеке ұйымдарға, сондай-ақ туристік агенттіктерге экотуризмнің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін ГАЖ технологияларын пайдалану бойынша ұсыныстар береді. Әзірленген ГАЖ картасы саябақтың аумағы, объектілер мен маршруттардың орналасуы туралы мәліметтерді қарастырған, туристердің хабардарлығы мен бағдарлануын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе туристер үшін навигация, ашу және туризмдегі тарихи орындар мен көрікті жерлер туралы ақпарат алу саласында жаңа перспективалар ашады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Д. Сейдуалин, А. Муканов, Р. Агыбетова.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.