Мемлекеттік аудиттегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру тиімділігін бағалау
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-292-305Кілт сөздер:
мемлекеттік бағдарлама, бюджет, бақылау, тиімділігін бағалау, жұмыссыздық, нәтижелі жұмыспен қамту, мемлекеттік аудитінің нәтижелеріАңдатпа
. Қазіргі экономикадағы даму кезеңніңдегі мемлекеттік басқару құралдарының бірі ұзақ мерзімді бағдарламалақ құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар солардың бірі болып табылады. Жеке мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру оларды уақытылы және тиімді бағалауды талап етеді. Олардың ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті кезеңді (жоспарлы) дамытуды көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалау қажеттілігі жоғары. Осы мақаланың мақсаты – сыртқы мемлекеттік аудит органдарының функцияларының бірі ретінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды зерделеу және оны одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындау мен анықтауға мүмкіндік береді.
Біздің өткізген зерттеулеріміз көрсеткендей, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалаудың маңызды элементтері мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігінің жеке көрсеткіштері, яғни нақты (есепті) және жоспарлы нәтижелерді салыстыру, макро- және микроэкономикалық әлеуметтік әсерлердің көлемін анықтау болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды арнайы әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ету қазіргі қажеттілігі және бағалау әдістерін жетілдіру артады. Бағдарламалық құжаттарды конструктивті бағалауды пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламаның жоспарланған көрсеткіштерін түзету қажеттілігіне байланысты жүйелі іс-әрекеттерге мүмкіндік беретін жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау немесе ауытқу факторларын жеке анықтауға мүмкіндігі болады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А. Жахметова, Б. Алибекова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.