Қазақстанның батыс өңіріндегі негізгі капиталға инвестициялар мен жалпы өңірлік өнім арасындағы өзара байланысты талдау


Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

  • А. Бельгибаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • С. Пралиева Тұран университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-279-295

Кілт сөздер:

инвестиция, негізгі капитал, жалпы аймақтық өнім, корреляция, аймақ, фактор, экономикалық өсу

Аңдатпа

Тұрақсыз геосаяси және экономикалық жағдайларда инвестиция мәселесіне ғылыми қызығушылық айтарлықтай артады. Ғылыми зерттеу гипотезасы аймақтың экономикалық даму деңгейі инвестиция көлеміне байланысты деген болжамнан туындайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты-корреляциялық талдау негізінде негізгі капиталға инвестициялар мен жалпы аймақтық өнім арасындағы байланысты анықтау. Мақалада Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері негізінде Қазақстанның батыс өңірінің Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша негізгі капиталға және жалпы өңірлік өнімге инвестициялар серпінін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерге талдау жасалды. Корреляция коэффициенттері талданатын көрсеткіштер арасында жоғары байланыстың болуын көрсетеді. Жалпы өңірлік өнімнің өсуі және негізгі капиталға инвестициялар үшін инвестициялық қызметті жандандыру, тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістерін қолдана отырып, инвестициялық процеске әсер ету қажет. Алынған нәтижелер даму жоспарларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ Қазақстанның батыс өңіріндегі инвестиция көлемі мен жалпы өңірлік өнім болжамдарын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бельгибаев, А., & Пралиева, С. (2024). Қазақстанның батыс өңіріндегі негізгі капиталға инвестициялар мен жалпы өңірлік өнім арасындағы өзара байланысты талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 279–295. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-279-295

Журналдың саны

Бөлім

Статьи