Редакциялық саясат
«Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы»
Журналдың мақсаты
Экономика ғылымдары саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің барлық бағыттары бойынша мұқият іріктелген түпнұсқалық ғылыми еңбектерді жариялау.
Тақырыптық бағыт
экономика (экономикалық теория, экономика және кәсіпкерлік, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, талдау, мемлекеттік аудит, туризм).
Журналдың міндеттері:
- экономика саласындағы өзекті проблемалар бойынша зерттеулердің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру;
- рецензиялау процесіне тиісті білім салаларындағы жетекші ғалымдарды, мамандарды тарту есебінен ғылыми басылымдардың әлемдік стандарттарын енгізу;
- отандық және шетелдік мамандандырылған дерекқорларда ғылыми жарияланым рейтингін арттыру;
- географиялық және институционалдық шегіне қарамастан отандық және әлемдік ғылымды жаңа идеялармен байыту;
- журналды «ашық қолжетімді» ғылыми басылым (Open access) ретінде әзірлеу;
- журналдың халықаралық деректер базасында және ашық электрондық ресурстарда болуын кеңейту;
- журналдың шетелдік оқырмандар үшін қолжетімділігі – ағылшын тілінде зерттеудің мәнін кеңінен мазмұндау (Abstract), кілт сөздерді (Keywords) жазу және латын әліпбиіндегі әдебиеттер тізімін (References) қоса жариялау.
Басылым тілдері:
Қазақ, орыс, ағылшын.
Мерзімділігі:
Жылына 4 рет.
Ашық қолжетімділік саясаты.
Ғылыми жарияланым саясатын іске асыру негізгі қағидатқа сәйкес жүзеге асырылады - зерттеу нәтижелеріне еркін ашық қолжетімділік жалпыға бірдей білімнің артуына ықпал етеді.
Бұл ашық қолжетімді журнал, яғни барлық мазмұн пайдаланушыға немесе оның мекемесіне тегін қолжетімді. Пайдаланушыларға мақалалардың толық мәтінін оқуға, жүктеуге, көшіруге, таратуға, басып шығаруға, іздеуге және сілтеме жасауға, сондай-ақ оларды баспагердің немесе автордың алдын ала рұқсатынсыз кез келген басқа заңды мақсатта пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл BOAI ашық қолжетімділік анықтамасына сәйкес келеді.
Мұрағаттау.
Қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін ғылыми журналдың электрондық нұсқалары «ҰҒТҰО» АҚ-ға ұсынылады. Журнал материалдарды Elibrary.ru, EBSCO сайттарында мұрағаттайды.
«Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы» редакциялық алқасы өз авторларына жарияланған материалдарды бөгде репозиторийлерге орналастыруға кедергі келтірмейді.
Жариялау шарттары.
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» журналының редакциясына келіп түскен қолжазбалардың барлығы басылымның техникалық және өзге де талаптарына сәйкес келуі және редакциялық алқаның құрамына кірмейтін, ғылым кандидаты, докторы немесе тақырыпқа неғұрлым жақын ғылыми мамандануы бар PhD , тиісті білім саласын дамытуға елеулі үлес қосқан, рецензияланатын мақалалар тақырыбы бойынша мамандар болып табылатын екі тәуелсіз рецензенттің анонимді (екі жақты жасырын) рецензиялауынан өтуі тиіс. Алынған рецензиялар негізінде журналдың редакциялық алқасы шешім критерийлеріне сәйкес түпкілікті шешім қабылдайды: қабылдау – қолжазба түзетусіз немесе аз ғана түзетулермен қабылданады; аздаған түзетулермен қабылдау – қолжазба шамалы түзетулер енгізуді ескере отырып қабылданады; бас тарту – қолжазба жариялауға жарамсыз..
Шетелдік авторлар (Қазақстан Республикасынан қосалқы авторларсыз) мақалаларды тегін жариялай алады.
Лицензия беру.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясымен тегін негізде өзінің контентіне тікелей ашық қолжетімділікті ұсынады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіруге және таратуға мүмкіндігі бар.





